Президент Ердоғаннан отандық валюта шақыруы

Президент Ердоған АҚШ-тың жанжал туғызған санкция шешімімен күреске шақырды.

1030962
Президент Ердоғаннан отандық валюта шақыруы

Президент Режеп Тайып Ердоған АҚШ-тың жанжал туғызған санкция шешімдерінің аржағындағы ойындарын байқағандарын атап, күресуге шақырды.

Трабзонда Фетуллахшы террор ұйымы «FETÖ» мен бөлшектеуші террор ұйымы PKK-мен байланысты АҚШ-тық бір дін қызметкері жайлы заңдық кезеңді қабылдай алмаған АҚШ-қа үн қатқан Ердоған «Террор ұйымдарымен байланысы бар бір дін қызметкері үшін 81 миллион адам саны бар Түркияны құрбан қылуға әрекет жасайсың. Не керек десе бір құқық мемлекеті ретінде біз оны орындаймыз. Тапсырмалармен Түркияға тізе бүктіре алмайсыңдар. 81 миллион адам саны бар бір елмен стратегиялық ортақтығын террор ұйымдарымен ортақ үшін құрбан еткендермен қоштасармыз» деді.

Ердоған азаматтық қоғам мекемелері және іскер әлемінің өкілдерімен бас қосып, валютамен жасалған шабуылға қарсы отандық бір ұстаным ортаға қою шақыруын қайталады.

Президент Ердоған террормен күрес тақырыбына да тоқталды. «Түркияда да Сирияда да террорға тыныс алдырмаймыз» деді.

Ердоған сыртқы күштердің Түркияның оңтүстік шекарасында бір террор коридоры құра алмайтындарын атап көрсетті.



Ұқсас жаңалықтар