Шанхайда импорт жәрмеңкесі өтеді

Жәрмеңкеге Түркиядан 41 фирма қатысады.

1029265
Шанхайда импорт жәрмеңкесі өтеді

Қытай халықаралық импорт жәрмеңкесі 5-10 қараша күндері аралығында Шанхайда ұйымдастырылады.

Жәрмеңкеге Түркиядан 41 фирма қатысады.

Жәрмеңкеде машина жабдықтары, жеңіл автокөліктер және олардың жабдықтары, электрон информациясы және отбасылық  электр бұйымдары, түрлі металл бұйымдар және сайман-жабдықтар, құрылыс материалдары және асхана-сантехника жабдықтары, өңделмеген материалдар, күнделікті тұтыну бұйымдары сияқты өнімдері көрсетіледі.

Шанхайда 240 мың шаршы метрлік алаңда өткізілетін жәрмеңке арқылы дамыған және дамуда болған елдердің өнімдері Қытай нарығына таныстырылады.

Жәрмеңкеге қатысу үшін 120 ел өтініш берді.


Этикеттер: #Қытай , #жәрмеңке

Ұқсас жаңалықтар