Түркияның бал экспорты

Түркиядан 33 елге бал экспортталды.

1013476
Түркияның бал экспорты

Жылдың алғашқы жартысында Түркиядан 33 елге 3 мың 706 тонна бал экспортталды.

Аталмыш экспорт арқылы 15 миллион 95 мың 885 доллар табыс түсті.

Түркия экспортын өткен жылмен салыстырғанда 64 пайыз арттырды.

Осы кезеңде 7 миллион 94 мың 33 долларлық экспортпен Германия бірінші, 3 миллион 448 мың 468 долларлық экспортпен Америка Құрама Штаттары екінші және 936 мың 298 долларлық экспортпен Сауд Арабиясы үшінші орын иеленді.

Шығыс Қаратеңізден 3 елге (Сауд Арабиясы, Біріккен Араб Әмірліктері, Катар) 146 мың 120 долларлық 22 тонна бал сатылды.



Ұқсас жаңалықтар