Өзбекстаннан Ауғанстанға электр экспорты

Өзбекстан Ауғанстанға электр энергиясы экспортын арттырады.

1011258
Өзбекстаннан Ауғанстанға электр экспорты

Өзбекстан Ауғанстанға электр энергиясы экспортын арттырады. 

«Өзбекэнерго» мекемесінен жасалған мәлімдемеде өткен жылы Өзбекстаннан Ауғанстанға 200 миллион  кВт/сағат электр энергиясының экспорт етілгенін, сондай-ақ осы жылдың аяғына дейін 2 млрд кВт/сағат электр энергиясын тасымалдау жөнінде келісімге келгенін жариялады.

Өзбекстан болашақта Ауғанстанды Орталық Азияның біріңғай энергия жүйесіне қосуды мақсат етеді. Бұл Сұрхан-- Пули-Хумри жобасы есебінен жүзеге аспақ. Жобаның алдын ала жалпы құны 150 миллион доллар. Оның 32 миллионы Өзбекстан аумағындағы, қалған 118 миллионы Ауғанстан аумағындағы құрылысына жұмсалмақ. Жобаның өзін өзі ақтап алу мерзімі--12 жыл.

Мұнан бөлек, Өзбекстан биыл бірінші рет Тәжікстан арқылы Ауғанстанға электр транзитін жүзеге асыра бастады. «Өзбекэнерго» компаниясындағы дереккөзге қарағанда, Сұрхандария желісі арқылы Ауғанстанға 140 миллион кВт/сағат электр энергиясы тасымалданған.

 



Ұқсас жаңалықтар