Түрік зәйтүн майы экспорты артты

Алғашқы 6 айда Жапонияға мөлшермен 8,5 миллион долларлық экспорт жасады.

1004163
Түрік зәйтүн майы экспорты артты

Түрік зәйтүн майы экспортшылары  2017 жылы 1 қарашадан Жапонияға зәйтүн майын экспорт ете бастаған еді. Экспорт маусымының алғашқы 6 айында Жапонияға мөлшермен 8,5 миллион долларлық экспорт жасады.

Эгей экспортшы одағының мемлекет көлеміндегі экспорт көрсеткіштеріне қарағанда Түркия Зәйтүн бұтағы экспорты басталған 2017 жылы 1 қарашадан 2018 жылы 1 мамырға дейінгі 6 айлық кезеңде 199 миллион 285 мың долларлық экспорт жасады.

Әлемнің 113 елдің дастарқанын безендірген түрік зәйтүн майында ең көп экспорт 75 миллион 473 мың доллармен Америка Құрама Штаттарына жасалды.

АҚШ-тан кейін 48 миллион 839 мың доллармен Испания екінші және 13 миллион 767 мың доллармен Сауд Арабиясы үшінші орында.  

Түрік экспортшылары ұзақ жылдан бері Қиыр Шығыс нарығын көздеген еді. Қазір осы  жұмыстары жеміс бере бастады.

Қытай, Гонконг және Индонезия секілді елдеріне зәйтүн майы экспорты көбейді. Биыл ең көп экспорт Жапонияға жасалды.



Ұқсас жаңалықтар