Сайлау қорытындысы түрік лирасының құнын арттырды

Азия нарығында түрік лирасы АҚШ долларымен салыстырғанда 3 пайыз құнын арттырды.

999458
Сайлау қорытындысы түрік лирасының құнын арттырды

Түркияда кеше болып өткен президенттік және депутаттық сайлау қорытындысы сараптамашылардың нарықтық рапорттарында орын алды.

Орталығы Лондондағы байлық басқару фирмасы «BlueBay Capital» инвесторларға жолдаған нарықтық хатында Түркиядағы президенттік сайлаудың екінші турға қалмауын нарықтар тұрғысынан болымды жаңалық ретінде пайымдады.

Орталығы АҚШ-тағы қаржы жаңалықтары агенттігі Bloomberg болса «Президент Режеп Тайып Ердоғанның жеңісі кем дегенде түрік нарықтары жайлы рисктер жойылады, лира үшін де болымды болмақ» деген пайым жасады.

Орталығы тағы АҚШ-тағы инвестиция банкі «Goldman Sachs» инвесторларға жіберген қысқаша нарықтық жолдамада Әділет және даму партиясының жеңісімен аяқталған сайлаудың нарықтарға болымды ықпал еткені еске алынды.



Ұқсас жаңалықтар