"TANAP" 12 маусым күні ашылады

Эскишехирде ұйымдастырылатын Транс Анадолы табиғи газ құбыр желісі ашылу рәсіміне жобаға ортақ мемлекет және үкімет басшылары қатысады.

989914
"TANAP" 12 маусым күні ашылады

Транс Анадолы табиғи газ құбыр желісі TANAP (ТАНАП) 12 маусым күні ашылады.

Эскишехир қаласында 12 маусым сейсенбі күні президент Режеп Тайып Ердоғанның қонақжайлығында өтетін ТАНАП-тың ашылу рәсіміне жоба ортағы мемлекеттердің үкімет пен мемлекет басшыларына қоса, энергия министрлері, энергия фирмаларының басшылары және жоғары деңгейдегі бюрократтар қатысады.

ТАНАП-пен Әзірбайжан Каспий теңізіндегі "Шах теңіз - 2" табиғи газ алаңы мен Каспий теңізінің оңтүстігінде орын алған басқа да алаңдарда өндірілген табиғи газдың алдымен Түркия, артынан Еуропаға тасымалдануы нысанаға алынады.

Соңғы жылдары ортақ көзқараспен Каспий бассейіні әлеммен интеграциясы қамтамасыз етіліп, үлкен жобаға қол қойған Түркия, Әзірбайжан және Грузия аймақтық ынтымақтастықты одан да жетілдіру үшін қажетті талпынысты ортаға қоюда.

Баку-Тбилиси-Джейхан және Баку-Тбилиси-Эрзурум мұнай мен табиғи газ құбыр желілеріне қоса, Баку-Тбилиси-Карс теміржолы бағытымен жалғасқан Оңтүстік табиғи газ коридорының омыртқасы іспеттес TANAP бұл талпыныстардың нақты мысалдарының бірі болды.

Оңтүстік табиғи газ коридоры жобалары әрі Түркияның энергия сұраныс қауіпсіздігін қамтамасыз ету, әрі Еуропаның энергия сұраныс қауіпсіздігіне үлес қосу тұрғысынан аса маңызды болып табылады.

Каспий резервтерінің сенімді, экономикалық бағыттардан әлем нарығына тасымалдануы, аймақта ынтымақтастық және екі жақты сенімнің артуына да үлес қосады.



Ұқсас жаңалықтар