"Жеті пайыздан көп өсу күтеміз"

Қаржы министрі Наджи Ағбал Афионкарахисар Сауда және өнеркәсіп палатасында іскерлермен бас қосты.

989545
"Жеті пайыздан көп өсу күтеміз"

Афионкарахисар Сауда және өнеркәсіп палатасындағы жиында сөз алған Қаржы министрі Наджи Ағбал Түркия экономикасының маңызды бір кезеңнен өтіп жатқанын атап айтты.

Ағбал «Дүйсенбі күні 2018 жылдың алғашқы ширегіндегі өсу процесі жарияланбақ. Әртүрлі болжамдар бар. Жеті пайыздан көп өсу күтудеміз. Түркия экономикасында 2017 жылы ортаға қойған мықты талпынысымыздың 2018 жылы да жалғасқанын байқаймыз» деді.

Түркияның алдын тыю үшін әрекет жасағандардың қазірге дейін табысқа жете алмағанын түсіндірген Ағбал «Түркия қазір экспортта рекордқа жақын. Ай сайын жаңа рекордтар жасалуда» деді.

Ағбал ағымдағы жылдың инвестиция, өндіріс, экспорт, сауда және сенім индексі тұрғысынан өте мықты екенін тілге тиек етті.

Ағбал «Әсіресе бізді қуантқан инвестициялардың артуы. Экспортта және туризмде мықты бір күшею байқалады. Бұл өсу маңызды үлес қосады» деді.



Ұқсас жаңалықтар