АҚШ қайтадан Иранға халықаралық санкцияларды іске қосатынын жариялады

АҚШ президенті Дональд Трамп Иранмен ядролық келісімінен шыққанын жариялаған соң экономикалық санкциялар қайтадан күн тәртіпке келді.

967344
АҚШ қайтадан Иранға халықаралық санкцияларды іске қосатынын жариялады

АҚШ президенті Дональд Трамптың елінің Иран ядролық келісімінен шыққанын жариялауымен Тегеранға қайтадан экономикалық санкциялар күн тәртібіне келді.

Трамптың Ұлттық қауіпсіздік кеңесшісі Джон Болтон Иранға санкциялардың қайтадан іске қосылғанын және осы елмен жаңа еңбек келісімшарттарына қол қоймау керектігін атап көрсетті.

АҚШ Қазына министрілігі кеше жасаған мәлімдемеде болса Иранға бағытталған санкциялардың 90 және 180 күндік мерзімдермен қайтадан іске қосыла бастайтынын жариялады.

Бұған қарағанда АҚШ-тың Иранға бағытталған алғашқы санкция пакеті 6 тамыз күні іске қосылады. Сол күннен бастап Тегеран әкімшілігі АҚШ доллары сатып алалмайды, алтын мен басқада құнды кендермен саудасын жүргізе алмайды.

Иранға болат, көмір саудасы мен автокөлік саласынан бастап бағытталған санкцияларға қоса шетелде Иранның ұлттық валютасы Риялмен жүзеге асқан жұмыстары да шектеледі.

АҚШ-тың Иранға бағытталған екінші санкция пакеті болса 4 қараша іске қосылмақ.

Сол күннен бастап Иран Ұлттық мұнай фирмасы (NIOC) жайлы халықаралық санкциялар басталып, Ираннан мұнай, петрохимия және мұнай өнімдері сатып алуға тыйым салынады.

Елдің кеме саласы, Иран Орталық банкінің шетел қаржы мекемелерімен жұмыстары және 2016 жылы 16 қаңтар күні инвестиция тізімінен шығарылған Иранмен байланысы бар тұлғалар қайтадан санкция құрамына алынады.

Қазына министрлігі мәлімдемесінде 5 қараша күнінен бастап, АҚШ-тық тұлға мен мекемелер тарапынан басқарылған немесе бақылауға алынған Иран үкіметімен байланысы немесе жұмысы бар мекемелердің де жауапкершіліктерін жоятындарын білдірді.

Мәлімдемеде аталмыш АҚШ-тық тұлға мен мекемелердің кеш дегенде 4 қарашаға дейін Ирандағы жұмыстарын тоқтату үшін қажетті қадамдарды басу керектігі атап көрсетілді.

АҚШ Қазына министрі Стевен Муничин кеше жасаған мәлімдемеде авиация саласына да санкция жасалатынын мәлімдеді. Министр халықаралық ұшақ алпауыты Boeing және орталығы Голландия болып табылатын AirBus фирмасының Ирандық фирмаларға жолаушы ұшағы сату туралы келісімдерімен берілген лицензиялардың жойылатынын білдірді.

Boeing фирмасының Иран Эйрмен 80 ұшақ үшін 16,6 миллиард долларлық, Иран Асеманмен болса 30 ұшақ үшін 3 миллиард долларлық келісімі бар. AirBus болса Иран Эйрмен 100 ұшақ үшін 19 миллиард долларлық сауда келісіміне қол қойған болатын.

Француз энергия фирмасы Total мен Қытайдың CNPC мұнай фирмаларының Иран үкіметімен Оңтүстік Барыс алаңы үшін қол қойған 5 миллиард доллар құнындағы 20 жылдық табиғи газ келісіміне де қауіп төніп отыр. Трамптың шешімі себепті кешеден бастап, энергия фирмаларының Тегеран үкіметі немесе фирмаларымен жаңа энергиялық келісім жасауына да тыйым салынды.



Ұқсас жаңалықтар