Түркияның зәйтүн экспорты артты

Зәйтүн экспорты соңғы 4 маусымның ең жоғарғы деңгейіне жетіп, 71 миллион 53 мың доллар болды.

953401
Түркияның зәйтүн экспорты артты

Түркияның  2017-2018 маусымының алғашқы жартысында күнделікті дастарқанда қолданылатын зәйтүн экспорты бұдан бұрынғы маусыммен салыстырғанда 14 пайыздық артумен 71 миллион 53 мың долларға көтерілді.  

Эгей экспортшылар одағынан жасалған жазбаша мәлімдемеге қарағанда өткен жылдың алғашқы жартысында 62 миллион 225 мың доллар болған күнделікті дастарқанда қолданылатын зәйтүн экспорты соңғы 4 маусымның ең жоғарғы деңгейіне жетіп, 71 миллион 53 мың доллар болды.

Түркия осы маусымда 94 елге күнделікті дастарқанда қолданылатын зәйтүн экспортын жасаған кезде ең көп экспортты 23 миллион 263 мың доллармен Германияға жасады. Одан кейін ретімен Ирак және Румыния орын алды.


Этикеттер: #зәйтүн , #экспорт

Ұқсас жаңалықтар