Иран туристтері зерттеуге арқау болмақ

Мамандар шекара қақпасында туристтермен жеке-жеке сөйлесіп, сауалнама жүргізуді жоспарлап отыр.

948342
Иран туристтері зерттеуге арқау болмақ

Елдеріндегі демалыстарында Түркияның Ван қаласына келуді таңдап,  өңірдегі сауда қозғалысын жандандырған ирандық туристердің талғамдары, демалыс түрлері сауалнама арқылы тексеріледі.

Шығыс Анадолы даму агенттігі мен Түркия Статистика мекемесі Ван аймағында жоба жүргізеді. Осы жобаның деректерімен туризм саласында жол картасы анықталады.

Ирандықтардың Ванға экономикалық үлес деңгейі, проблемалары және күтетіндері зерттеледі. Мамандар сәуір,  маусым, қыркүйек және желтоқсан айларында Сарай ауданындағы Капыкөй шекара қақпасында туристтермен жеке-жеке сөйлесіп, сауалнама жүргізуді жоспарлап отыр.



Ұқсас жаңалықтар