Дайын киім экспорты артты
Бұл көрсеткіш – 44 айдағы ең жоғары деңгей.
945018

Дайын киім секторы наурыз айында 1 миллиард 638,5 миллион долларлық экспорт жасады. Бұл көрсеткіш – 44 айдағы ең жоғары деңгей.
Түркия Экспортшылар мәжілісінің деректеріне қарағанда, дайын киім саласы 2014 жылдың шілде айынан бергі ең жоғары экспорт деңгейіне жетті.
Аталмыш саланың 2014 жылдың шілде айында экспорты 1 миллиард 720 миллион 102 мың доллар болған еді.
Сектордың биылғы жылдың алғашқы ширегіндегі сыртқы саудасы 4 миллиард 520 миллион 217 мың АҚШ доллары болды.
Дайын киім саласының алғашқы ширектегі экспорты өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 11,4 пайыз артты.