48 елге гүл экспортталды

Анталиядан әлемнің 48 еліне 80 миллион тал гүл экспортталды.

924783
48 елге гүл экспортталды

8 наурыз Халықаралық әйелдер күніне орай Анталиядан әлемнің 48 еліне 80 миллион тал гүл экспортталды.

Орталық Анадолы өсімдіктер және өнімдері экспортшылары Одағының Атқару комитеті төрағасы Осман Багдатлыоғлу көбіне қызыл қалампыр сатылғанын айтты.  «Биыл 8 наурыз Әйелдер күнінде әсіресе Еуропадан көп сұраныс болды» деді ол.

Өткен жылы осы кезеңде 6 миллион долларлық гүл экспортталса, биыл бұл көрсеткіш 11 миллион доллар болды.

Багдатлыоғлу: «Гүл саны жағынан 60 пайыз артты.  Ең көп Голландия мен Ұлыбританияға гүл саттық» деді.



Ұқсас жаңалықтар