Украина Ресейден газ алады

Бұл туралы Нафтогаз басшысы мәлім етті.

891174
Украина Ресейден газ алады

Украина энергия компаниясы Нафтогаздың биылғы жылдан бастап Ресейден арзан бағаға қайтадан табиғи газ ала бастайтыны хабарланды.

Нафтогаз төрағасы Андрей Коболев баспасөз брифингінде арзан бағаға әрі Еуропадан,  әрі Ресейден табиғи газ алатындарын білдірді.

Халықаралық арбитраж сотының үкімі аясында биылғы жылдан бастап Ресейден минимум деңгейде жылына 4-5 миллиард текшеметр газ алулары керектігін білдірген Коболев: «Газпромның бізге Еуропа бағасынан төмен жылына 5 миллиард текшеметр газ сатуы жаман емес деп ойлаймыз. Бұл әрі тұтынушы,  әрі компания үшін тиімді» деді.



Ұқсас жаңалықтар