Түрік модасының беделді көрмесі ашылды

IF Wedding Fashion Измир көрмесі ашылды.

889641
Түрік модасының беделді көрмесі ашылды

Қалыңдық көйлегі,  күйеу бала киімі және той көйлектер секторында Еуропаның алдынғы қатарлы көрмесі деп саналатын IF Wedding Fashion Измир көрмесі 12-ші мәрте қақпасын ашты.

Биыл көрме алаңы 30 пайыз артты.  23 мың 546 шаршы метрлік алаңда құрылған көрмеде 12 елден 259 фирма өз өнімдерін танытуда.

Көрме тек кәсіпқой қонақтарға ғана ашық. Биылғы көрмеге 30 мың  адам келеді деп жоспарлануда.

"International Area" деп аталған алаңда болса 9 елдің дизайнерлерінің туындылары орын алған.

Көрме аясында 6 мода шеруі ұйымдастырылады. Оларға әлем көлемінде атағы шыққан модельдер келеді.

Биыл Экономика министрлігінің қолдауымен өтіп жатқан көрме 19 қаңтар күні аяқталады.



Ұқсас жаңалықтар