Түркияның экспорты қазан айында артты

Түркия статистика мекемесі қазан айындағы сыртқы сауда статистикаларын жариялады.

858669
Түркияның экспорты қазан айында артты

Түркияның экспортында қазан айында өткен жылғы бірдей аймен салыстырғанда 9 пайыз арту байқалды.

Түркия статистика мекемесі қазан айындағы сыртқы сауда статистикаларын жариялады.

Осы көрсеткіш бойынша Түркияның экспорты қазан айында 13 миллиард 942 миллион доллар болды.

Осы жылдың 10 айында экспорт өткен жылғы бірдей аймен салыстырғанда 10,3 пайыз артып, 129 миллиард 34 миллион долларға көтерілді.

Еуропа Одағының экспорттағы үлесі өткен жылы қазан айында 48,4 пайыз болса, осы жылдың бірдей айында 49,5 пайыз ретінде тіркелді.

Еуропа Одағына жасалған экспорт қазан айында өткен жылғы бірдей аймен салыстырғанда 11,4 пайыздық артумен 6 миллиард 900 миллион доллар болды.



Ұқсас жаңалықтар