Түркия-Македония экономикалық ынтымақтастығы

Түркия-Македония экономикалық ынтымақтастығына байланысты симпозиум ұйымдастырылды.

858438
Түркия-Македония экономикалық ынтымақтастығы

Македонияның астанасы Скопьеде «Түркия және Македония экономикалық ынтымақтастығының дамытылуында жаңа көкжиектер» атты симпозиум ұйымдастырылды.

Экономика зерттеу қоры және Македония-Түркия сауда палатасының ынтымақтастығымен ұйымдастырылған симпозиумға Македонияның сыртқы инвестицияға жауапты түрік текті мемлекеттік министрі Аднан Кахил, Түркияның Македониядағы өкілетті және төтенше елшісі Түлин Еркан Кара, мемлекеттегі түрік азаматтық ұйым өкілдері, іскерлер және көптеген қонақтар қатысты.

Экономика зерттеу қоры төрағасы Ахмет Инжекара симпозиумнің Македонияда екінші рет өткізілгеніне назар аударды.

Түркияның Македониядағы өкілетті және төтенше елшісі Түлин Еркан Кара баяндамасында Түркия-Македония арасындағы көне достықтың маңызын түсіндірді.

Мемлекеттік министр Аднан Кахил де инвестиция салатын іскерлерге қолдау көрсететінін айтты. 



Ұқсас жаңалықтар