Түркияның орман жаңғағы экспорты артуда

Севинч орман жаңғағы экспортының жақсы бет алыста екенін айтты.

839516
Түркияның орман жаңғағы экспорты артуда

Севинч орман жаңғағы экспортының жақсы бет алыста екенін айтты.       

Түркия 2017-2018 экспорт маусымының алғашқы екі айында 66 мың 160 тонна орман жаңғағын сатып,  432 миллион 418 мың 695 доллар кіріс түсірді.

Қаратеңіз орман жаңғақтары экспортшылар одағы басқару алқасы төрағасы Илияс Едип Севинч көрсеткіштерге қарағанда экспортта 24 мың 870 тонналық сатуды жүзеге асырғанын білдіріп, орман жаңғағы экспортының жақсы бет алыста екенін айтты.

Осы артудың маусым аяғынан бастап жүзеге асырылуын күткенін мәлімдеген Севинч «Экспортшылар ретінде нысанамыз түрік орман жаңғағының барлығын экспорт ету. Маусым аяғында мемлекетімізде орман жаңғағының сатылып бітуін тілейміз» деді.

Севинч Түркияның орман жаңғағы экспортын арттыру үшін қолынан келгенін істейтіндерін баяндады. 



Ұқсас жаңалықтар