Лавров Түрік ағыны жайлы мәлімдеме жасады

Лавров Түрік ағынын Брюссельден кепілдік алғаннан кейін бастайтындарын түсіндірді.

837802
Лавров Түрік ағыны жайлы мәлімдеме жасады

Лавров Түрік ағынын Брюссельден кепілдік алғаннан кейін бастайтындарын түсіндірді.

Ресей Сыртқы істер министрі Сергей Лавров Брюссельдің қажетті кепілдік берген жағдайда Түрік ағыны табиғи газ құбыр желісін басқа Еуропа Одағы елдеріне жалғасуға дайын екендерін айтты.

Еуропа іскерлер одағы өкілдеріне үндеу тастаған Лавров «Түрік ағынының екінші қолының Еуропа территориясына жалғануы Оңтүстік және Оңтүстік-Шығыс Еуропа елдерінің барған сайын артқан талаптарын қамтамасыз ете алады. Көптеген Еуропа елінің бұған қатты қызығушылық көрсеткенін көрудеміз және біз осыған дайынбыз» деді.

Оңтүстік ағында болған болымсыз оқиғалар арқылы тәжірибе қорытындылағанын білдірген Лавров сондықтан да Түрік ағынын Еуропа Одағы елдеріне жалғайтын жұмыстарына Брюссельден кепілдік алғаннан кейін бастайтындарын түсіндірді.

Ресейден бастап Қаратеңіз арқылы Түркияға жеткізілуі жоспарланған табиғи газ құбыр желісі жобасы Түрік ағыны аясында Түркияның жылына  15.75 миллиард текшеметр табиғи газ алуы және қалған  15.75 миллиард текшеметр газдың Еуропаға экспорт етілуі көзделуде. 



Ұқсас жаңалықтар