Ежелгі қалаға су каналы

Эфес ежелгі қаласын 2500 жылдан кейін қайтадан теңізбен табыстыратын канал жобасы басталды.

831070
Ежелгі қалаға су каналы

Мемлекеттік су істер басқармасы Эфес ежелгі қаласын 2500 жылдан кейін қайтадан теңізбен табыстыратын канал жобасын бастады.  Жобаның алғашқы сатысы үшін тендерге 53 ұсыныс келіп түсті.

Премьер-министр Бинали Йылдырымның «Измирдің 35 жобасы» арасында орын алған екі сатылы Эфес ежелгі қаласы канал жобасы үшін тендер болып өтті.

Жоба яхталардың кіруін қамдау үшін Памуджак жағалауына ұзындығы 600 метр,  ені 30 метр канал салынуын көздейді.

Жаңа жобаның бірінші сатысының бір жылда аяқталуы жоспарланы. 

Жоба аяқталғанда Эфес портынан 2 мың 500 жыл бұрын шамамен 9 км ығысқан теңіз ЮНЕСКО Әлемдік мұра тізіміндегі ежелгі қаламен қайта табысады.



Ұқсас жаңалықтар