Германияда азық-түлік көрмесі

Түркия көрмеге 298 фирмамен қатысуда.

823281
Германияда азық-түлік көрмесі

Германияның Кельн қаласында ұйымдастырылған әлемнің ең ірі азық-түлік көрмесі Ануга 2017 Азық-түлік және сусын көрмесіне Түркия 298 фирмамен қатысуда.

284 мың шаршы метр алаңға құрылған көрмеге барлығы 107 елден 7 мың 405 фирма келді.

Кеше басталған Ануга Халықаралық азық-түлік және сусын көрмесіне қатысқан түрік фирмаларына қызығушылық көп.

Түрік өкілдер шараның тиімді өтіп жатқанын,  жаңа нарықтар үшін табысты кездесулер өткізгендерін айтты.

Түрік азық-түлік сектор өкілдері дәстүрлі түрік дәмдерін басқа елдердің қайталағанын айтып,  тұтушыларды абай болуға шақырды.

Аталмыш көрме 11 қазан күніне дейін ашық болады.



Ұқсас жаңалықтар