Ресейге қызанақтар экспорты таяуда басталады

Аркадий Дворкович «Қызанақ импорты саяси мәселе болудан шықты» деді.

821827
Ресейге қызанақтар экспорты таяуда басталады

Ресейге қызанақтар экспорты таяуда басталады.

Аркадий Дворкович «Қызанақ импорты саяси мәселе болудан шықты» деді.

Түркияның Мәскеудегі өкілетті және төтенше елшісі Хүсейін Дириөз Ресей мен Түркияның энергия болып туризм және мердігерлік саласында көп жұмыс жүргізілгенін білдірді.

Дириөз Ресей премьер-министр орынбасары Аркадий Дворковичтің Түркиядан қызанақ алынуының қайтадан басталуына байланысты мәлімдемелерге орай «Қызанақ импорты саяси мәселе болудан шықты. Техникалық деңгейде шешілетін бір жағдайға айналды. Ресейдің өз қызанақтарын өсіру үшін жасалған жұмыстар да бар. Бірақ бұл шетелден қызанақ алынбайды деген мағынада емес. Түркиядан аламыз. Нарықтың жағдайы ақырын-ақырын ашылады» деді.

Ресей премьер-министр орынбасары Аркадий Дворкович сәрсенбі күні жасаған мәлімдемесінде Ресейдің Ауыл шаруашылық министрлігінің үкіметке Түркиядан жылдық 60 мың тоннаға дейін қызанақ импорты жасалуына рұқсат берілуі үшін ұсыныс жасағанын баяндаған еді. 


Этикеттер: #Ресей , #Түркия , #энергия

Ұқсас жаңалықтар