Бүкіләлемдік мұнай конгресі Стамбұлда болып өтті

Албайрак 23-ші Бүкіләлемдік энергия конгресінің артынан "Бүкіләлемдік мұнай конгресіне" қатысты.

767533
Бүкіләлемдік мұнай конгресі Стамбұлда болып өтті

Энергия және табиғи ресурстар министрі Берат Албайрак Түркияның бейбітшілікке, тыныштыққа және сұраныс қауіпсіздігіне үлес қосатын барлық жобаларға қолдаудың жалғасатынын атап, «Энергия үшін маңызды ел Түркия ұранын, өзімізге принцип ретінде белгіледік» деді.

Албайрак 22-ші Бүкіләлемдік мұнай конгресі аясында Стамбұлда ұйымдастырылған «Dewhurst» жүлде рәсіміне қатысты.

Албайрак 9 ай бұрын жүзеге асқан 23-ші Бүкіләлемдік энергия конгресінің артынан қайтадан Стамбұлда бас қостырған Бүкіләлемдік мұнай конгресін «мұнай және табиғи газ өнеркәсібінің олимпиадасы» ретінде бағалағанын білдірді.

Бұл конгресте мұнай мен табиғи газ өнеркәсібіне қатысты көптеген тақырып пен келешектегі мүмкіншіліктерді талқылауға жағдай табылатынын атап көрсеткен Албайрак соңғы жылдары мұнай мен табиғи газ өнеркәсібіне салынған инвестициялардың азайғанына қарамастан алдағы жылдары бұл өнеркәсіптің маңызын жалғастыратынын тілге тиек етті.

Албайрак энергия саласында жылдам артып отырған бір сұраныс бар екенін және соңғы 15 жылда электрде қалыптасқан электр қуаты сұранысының үш есе өскенін түсіндірді.

Албайрак «Түркия әсіресе мұнай мен табиғи газ іздеу және өндіру жұмыстарын, инвестицияларын арттыруды көздейді. Жерорта теңізі және Қаратеңізде мұнай мен табиғи газ іздеу жұмыстарына назар аударамыз. Қазір Жерорта теңізінде сейсмикалық зерттеу жұмыстарын жетілдіру үшін тығыз жұмыстанудамыз. Ұқсас жұмыстарды Қаратеңізде де жүзеге асырғымыз келеді. Жерорта және Қаратеңізде мұнай мен табиғи газ ресурстарын іздеуді нысанаға аламыз» деді.



Ұқсас жаңалықтар