«TLM6V185» атты дизел мотор өндірілді

Түркия локомотив және мотор өнеркәсіп фабрикасы «TLM6V185» атты дизел мотор өндірді.

675817
«TLM6V185» атты дизел мотор өндірілді

Түркия локомотив және мотор өнеркәсіп фирмасы үлгісі және күші жағынан өзгеше «TLM6V185» атты дизел мотор өндірді.

Ескишехирде орын алған Түркия локомотив және мотор өнеркәсіп фабрикасын аралап, отандық дизел мотордың таныстыру рәсіміне қатысқан Қатынас, теңіз және коммуникация министрі Ахмет Арслан Түркия локомотив және мотор өнеркәсіп фирмасының темір жолы секторында мотор өндірген деңгейге жеткенін түсіндірді.

Арслан «Жүрдек пойыз әрі ұлттық, әрі отындық ерекшелігіне ие болады. Тез өз елімізде қолданумен шектелмейміз, көрші елдерге және барша әлемге экспорт етеміз» деді.

Еуропаның алтыншы, әлемнің сегізінші жүрдек пойыз қолданған елдің Түркия екеніне де назар аударған Ахмет Арслан былай деді: «Ескишехирден Капыкулеге, Анкара арқылы Карсқа дейін жалғастырайыз. Афионкарахисар арқылы Анталияға, Қаратеңізге, Измирге жалғану жұмыстарымыз жалғасуда» деді. 



Ұқсас жаңалықтар