830 рейс тоқтатылды

Бұл 100 мыңнан астам жолаушыға әсер етті.

617701
830 рейс тоқтатылды

Неміс авиакомпаниясы Lufthansa ұшқыштардың ереуіліне байланысты бүгінге жоспарлаған 830 рейсін тоқтатты. Бұл 100 мыңнан астам жолаушыға әсер етті.

Авиакомпанияның хабарламасында ұшқыштардың ереуіліне орай жұма күні жоспарланған 830 рейстің игерілмейтіні айтылды.

Германияда үш күндік ереуіл барысында барлығы 1618 рейс тоқтатылды.  Осы жағдай 315мыңнан астам жолаушыға теріс әсер етті.

Ертеңгі ереуілге байланысты қай рейстердің тоқтатылатынын кейін хабарланады.



Ұқсас жаңалықтар