Путин Экономикалық даму министрі Алексей Ульякаевты міндетінен босатты

Кремль мәлімдемешісі Песков Ульякаевтың «сенімін жоғалтқаны» себепті міндеттен босатылғанын атап көрсетті.

611581
Путин Экономикалық даму министрі Алексей Ульякаевты міндетінен босатты

Ресей президенті Владимир Путин парақорлық қауесетімен тергеуге алынған Ресей Федерациясы Экономикалық даму министрі Алексей Ульякаевты міндеттен босатты.

Кремль мәлімдемешісі Дмитрий Песков журналисттерге жасаған мәлімдемеде Алексей Ульякаевтың «сенімін жоғалтқаны» себепті Путин тарапынан міндеттен босатылғанын атап көрсетті.

Ульякаев орыс мұнай фирмасы «Bashneft»-тің елдің ең үлкен мұнай фирмасы «Rosneft»-ке сату тақырыбында үкімет атынан қолдау беруші «Rosneft» фирмасынан қорқыту арқылы 2 миллион доллар пара алғаны қауесетімен алдынғы күні түнде тергеуге алынған болатын.

Орыс министрдің парақорлық айыбымен 15 жылға дейін сотталуы мүмкін. Мәскеудегі Басманный соты Ульякаевтың шетелге қашу ықтималы болғандықтан үйінде қамау туралы шешім қабылдады.

Ресей премьер-министрі Дмитрий Медведев болса Ульякаевтың орнына орынбасары Евгений Елинді экономика министрі міндетіне уақытша тағайындау туралы заңнамаға кеше қол қойған еді.



Ұқсас жаңалықтар