Хорватияда Бүкіләлемдік халал өнімдер көрмесі

Опатия қаласында Бүкіләлемдік халал өнімдер көрмесінің үшіншісі басталды.

603233
Хорватияда Бүкіләлемдік халал өнімдер көрмесі
hırvatistan'da 3. helal ürünler fuarı.jpg

Хорватияның Опатия қаласында Бүкіләлемдік халал өнімдер көрмесінің үшіншісі басталды.

Көрмеге Түркия серік ел ретінде қатысып, халал өнім секторының болашағы талқыға салынды.

Бұдан бұрын Үндістан және Сингапурда өткен көрме Хорватияда осы елге Ислам дінінің келуіне 100 жыл толуына орай ұйымдастырылып отыр.

Хорватия президенті Колинда Грабар-Китарович елінің христиан және мұсылман тұрғындар тату өмір сүретін ел ретінде бүкіл Еуропаға үлгілі екенін атап көрсетті.

Көрмеге қатысқан Түркия Республикасы экономика министрінің орынбасары Фатих Метин халал ұғымын тұтынушылардың сенімді және денсаулыққа пайдалы өнімге қол жеткізуі деп қабылдау керектігін айтты.

Организация басшысы Алдин Дуганович болса Түркияның сектор үшін маңызды екенін, Түркиямен координацияны нығайтуға тырысатындарын білдірді.



Ұқсас жаңалықтар