Мысырда экономикалық дағдарыс

Мысырда соңғы 3 жылда билікке келген үкімет экономиканы дағдарысқа апарды.

602907
Мысырда экономикалық дағдарыс

Экономикалық мәселелерде Суэц каналы табыстарының азаюы және бір орыс ұшағының 2015 жылы 31 қазан күні Синай түбегіне құлауының артынан турист саны 70 пайыз қысқаруы роль ойнады.

Шетел валютасы резервтеріндегі азаю Мысыр валютасының (джүнейхи) доллар алдында құнын жоғалтуына себеп болды. Еркін нарықта бір жыл бұрын АҚШ долларының құны 8 джүнейхи болса, қазір 17 джүнейхиге дейін көтерілді.

Доллардың артуы сондай-ақ негізгі азық-түлік бағаларын жүз пайыз мөлшерінде қымбаттатты. Әсіресе елде қант тапшылығы мәселесі шешіле алмай отыр.

Дүкендерде қант табылмаған Мысырда үлкен сауда орталықтар орын алған Каир, Гиза және Александрия сияқты қалаларда болса адам басына шаққанда 5 килограмм қант беріледі. Дағдарыс алдында 5 джүнейхи болған қанттың бағасы 10 джүнейхиден асты.

Мысыр қамдау министрлігі елде негізгі азық-түлік материалдарында соңғы кездері басталған дағдарысты жою және нарықтарға тыныс алдыру мақсатты 8 миллион пакет азық-түлік материалын «жылжымалы дүкендер» арқылы табысы төмен тұрғындарға жартылай бағамен сатылатынын жариялады.



Ұқсас жаңалықтар