Судан түрік инвесторларын шақырады

Судан Кен министрі Мұхаммед Садык әл Карури түрік инвесторларын елінде табиғи тыңайтқыш секторында жұмыс істеуге шақырды.

567870
Судан түрік инвесторларын шақырады

Судан Кен министрі Мұхаммед Садык әл Карури түрік инвесторларын елінде табиғи тыңайтқыш секторында жұмыс істеуге шақырды.

Карури Суданға барған бір топ түрік инвестормен кездесу өткізгеннен кейін журналистердің сұрақтарына жауап берді.

Судандағы түрік инвесторларға үн қатқан Карури: «Елімізде егін шаруашылығында қызмет істейтін түріктерді табиғи тыңайтқыш саласына инвестиция салуға шақырамын» деді.

Карури Суданның тыңайтқышты шетелден сатып алып отырғанын,  мұның да егін шаруашылығы үшін үлкен жүк екенін айтып, табиғи тыңайтқыш саласындағы инвестициялардың әлі бастапқы сатыда екенін білдірді.

Табиғи тыңайтқыштың шикізаттары болып табылатын фосфат пен калий кендері Суданның түрлі аймақтарында бар.  Калий кені Қызыл теңізге шекаралас аймақтар мен Оңтүстік Кордофанда.  Елдің батысында да шамамен 81 миллион тонна фосфат резерві бар.



Ұқсас жаңалықтар