ASEAN Сауда және инвестиция саммиті Лаоста басталды

Ассоциация 2030 жылы әлемнің ең ірі төртінші экономикасы болуға кандидат.

566067
ASEAN Сауда және инвестиция саммиті Лаоста басталды

Оңтүстік-шығыс Азия елдерінің ассоциациясының  (ASEAN) Сауда және инвестиция саммиті Лаоста басталды.

Лаос премьер-министрі Thongloun Sisoulith ASEAN-ның 2016 кезекті төрағасы ретінде саммиттің бас қала Вьентьяндағы ашылу салтанатында сөз сөйледі.

Премьер-министр одақтың тек ASEAN-да өмір сүретін 620 миллион адам үшін емес,  Азияда өмір сүретіндер үшін мүмкіндіктерге толы екенін айтты.

Лаос премьер-министрі ассоциацияның 2030 жылы әлемнің ең ірі төртінші экономикасы болуға кандидат екенін атап көрсетті.

ASEAN 1967 жылы 8 тамыз күні Малайзия, Индонезия,  Филиппиндер, Тайланд және Сингапурдың бірігуімен құрылды. 1984 жылы Бруней, 1995 жылы Вьетнам, 1997 жылы Лаос пен Мьянма қосылды. 1999 жылы да Камбоджа қосылды. Осылайша мүше саны онға жетті. Ассоциация аймағында шамамен 620 миллион адам тұрады. Аймақ 4,5 миллион шаршы километр территорияны алып жатыр.

ASEAN ұйымының басты мақсаттары арасында аймақ елдерінің экономикалық дамуына үлес қосу,  қоғамдық және мәдени дамуы, аймақта бейбітшілік пен тұрақтылықтың қамдалуы орын алады.



Ұқсас жаңалықтар