Еуроодақта 149 мың түрік инвестор бар

Еуроодақ елдерінде өмір сүрген түрік инвесторлар 126 салаға инвестиция салады.

556657
Еуроодақта 149 мың түрік инвестор бар

Еуроодақ шекаралары ішіндегі түрік инвесторларының саны 149 мыңға ұласты.

Түркия-Еуроодақ оқу және ғылыми зерттеулер қоры тарапынан 2016 жыл үшін жүргізілген сауалнамаға қарағанда Германияда 3 миллион 100 мың түрік өмір сүрсе, осылар арасынан Түркия паспорты барлардың саны 1 миллион 700 мыңға жуық.

Зерттеуге қарағанда Еуроодақ ішінде 3,5 миллион түрік жұмыс істейді, бұл жалпы Еуроодақта жұмыс істейтіндердің 0,67 пайызын құрайды. Ұлттық табысқа үлесі болса 10 миллиард евро.

Германияда өмір сүрген түріктердің жылдық табысы шамамен 18,4 миллиард евро мұның 16,6 миллиард евросы шығындарға кетеді. Қалған 1,8 миллиард евро болса үнемделуде.

Тек қана Германияда 77 мың 200 түрік инвесторы бар.

2023 жылы Германиядағы түрік текті қожайын санының 95 мыңға ұласатыны болжалады.

Еуроодақта түрік инвесторлары 126 салаға инвестиция салып жатқанда, қалған босқын текті инвесторлар тек 5 салаға инвестиция салуда.



Ұқсас жаңалықтар