Қытаймен жасалған келісім мәжілісте қабылданды

Түркия үшінші атом стансасы үшін Қытаймен ынтымақтасады.

Қытаймен жасалған келісім мәжілісте қабылданды

Атом стансасын арттыруды мақсат еткен Түркия үшінші станса үшін Қытаймен ынтымақтасады.

Маусым айында Қытайға барған Энергия және табиғи ресурстар министрі Берат Албайрактың келісімі мәжілісте қабылданды.

Осылайша президент Ердоғанның 9 тамыз күнгі тарихи Ресей сапарында «Аккую атом стансасы жұмыстарын жылдамдату» бағытындағы келісімі мен Синоптағы стансада жапондармен ынтымақтастықтан кейін Түркия Қытаймен жұмыс істейтін болады.

Мәжілісте қабылданған «Атом энергиясын бейбіт мақсаттармен қолдану жөніндегі келісім» атом энергия стансалары және зерттеу реакторларының дизайнына, құрылысынан игерілуіне дейінгі үдерісті қамтиды.

Стансаның модернизациясы, сынақтан өткізілуі,  күтімі де келісілген тақырыптар қатарында.

Осы келісім аясында Түркия мен Қытай атом энергиясын бейбіт мақсатты қолдануда зерттеу жүргізу мүмкіндігіне ие болды. Атомдық минерал іздестіру,  кен шығару,  игері тақырыбына да бірлесіп істеуге мүмкіндік болады.

Аталмыш келісім әсіресе реактор және жағармайға байланысты технологияны жетілдіруді де қамтиды.

Инженерлер Қиыр Шығысқа барып,  білім алады. Осы аяда басылған қадам атом стансасына байланысты үрдісті де жылдамдатады.



Ұқсас жаңалықтар