Премьер-министр экономикалық «Bloomberg» телеарнасына сұхбат берді

Премьер-министр Бинали Йылдырым жаһандық инвесторларға шақыру жасады.

536885
Премьер-министр экономикалық «Bloomberg» телеарнасына сұхбат берді

Премьер-министр Бинали Йылдырым экономикалық «Bloomberg» телеарнасына сұхбат берді.

Премьер-министр Бинали Йылдырым халықаралық инвесторларға үн қатып, табыссыз аяқталған төңкеріс бастамасының артынан Түркияда тіршіліктің қалпына келгенін атап көрсетті.

Йылдырым 15 шілде күнгі төңкеріс бастамасының артынан Түркияның несие бағасын төмендетудің әділетсіздік екенін, дегенмен бұл жағдайдың түрік экономикасына онша ықпал етпегенін мәлімдеді.

Йылдырым үкіметтің мықты бір экономикалық өсу процесіне қол жеткізу тақырыбында табанды екенін білдірді.

«Жылдамдықпен реформаларымыз жалғасуда» деген Йылдырым Түркияның стратегиялық жобалар үшін бір фонд құрып, ауқымды жобаларды бұл фондтан қаржыландыратын күшке ие екенін жеткізді.

 Табыссыз аяқталған төңкеріс бастамасының артынан инвестициялық орта назарға алған саяси тұрақтылық тақырыбына да тоқталған премьер-министр Йылдырым «Ерте сайлаумен жоғалтатын уақыт жоқ» деп, жалпы халықтық сайлаудың жоспарланғандай 2019 жылы өтетінін атап көрсетті.



Ұқсас жаңалықтар