Іскер әлемі төтенше жағдай шешімін қолдады

Стамбұл сауда палатасы Министрлер кеңесінде қабылданған төтенше жағдай шешімін қолдады.

534088
Іскер әлемі төтенше жағдай шешімін қолдады
Ali Kopuz.jpg

Іскер әлемінің кейбір өкілдері Министрлер Кеңесінде қабылданған Төтенше жағдайлар режимі шешімінің Түркияның тыныштығы және мемлекеттің тағдыры үшін қабылданған орынды бір шешім екенін атап көрсетті.

Стамбұл сауда палатасы төрағасы Ибрахим Чағлар Төтенше жағдайлар шешімімен байланысты жасаған мәлімдемесінде «Іскер әлемі ретінде қабылданған шаралармен жағдайдың шешілетінін білеміз» деді.

Ұлттың намысына шабуылдан тартынбаған, жазықсыз адамдарға оқ атқан террор ұйымы мүшелерінің тегін бұл шешім арқасында жылдам түрде жойылатынын атап айтқан Чағлар президент Режеп Тайып Ердоған және түрік үкіметі ортаға қойған тұрақтылықтың Түркияның келешегіне деген сенімді нығайтқанын білдірді.

Төтенше жағдай арқылы ұлттың еркін билігінің қайтадан мұндай қиыншылықтармен бетпе-бет қалмайтынына назар аударған Чағлар төтенше жағдай кезеңінде іскерлердің белсенділік танытып, бар күштерімен жұмыстанатынын атап көрсетті.

Стамбұл сауда биржасы төрағасы Али Копуз Министрлер кеңесінің 3 ай бойынша төтенше жағдай шешімі қабылдауымен байланысты «Құрметті президентіміз басшылығында жиналған Министрлер Кеңесі тиісті шараларды қабылдады» деді.



Ұқсас жаңалықтар