«Еліміздің макро экономикалық іргетасы мықты».

Вице-премьер Мехмет Шимшек Түркия биржасы мен банктерінің ашық екенін жариялады.

531721
«Еліміздің макро экономикалық іргетасы мықты».

Вице-премьер Мехмет Шимшек ұлт тарапынан тойтарыс берілген төңкеріс әрекетінің артынан Түркияның жылдам күнделікті тіршілігіне оралғанын атап, «Еліміздің макро экономикалық іргетасының мықты. Қажетті барлық шараларды қабылдаймыз. Уайымдайтын нәрсе жоқ» деді.

Вице-премьер Нуреттин Джаникли болса «Биржа және банктер ашық. Стамбұл алмастыру және жинақтау банкі АҚ Орталық тіркеу мекемесі жұмысын жалғастыруда. Қысқасы барлық жүйе ашық, әр нәрсе өз орнында жалғасады» деді.

Түркия Республикасы Орталық Банк жасаған хабарлауда қаржы нарықтарының ықпалды жалғастығын қамтамасыз ету мақсатты кейбір шаралар қабылданғанын атап, «Орталық банк тарапынан қажетті өтімділік шексіз түрде қамтамасыз етіледі» деді.

Түркия банктар одағы атқару кеңесі төрағасы Хүсейин Айдын болса банк саласында кезектен тыс шаралар қабылдайтын кезкелген бір жағдай болмағанын атап көрсетті.



Ұқсас жаңалықтар