Ұлыбританияның ЕО-тан шығуы экономикаға болымсыз ықпал етті

Ұлыбританияның ұлттық табысы келесі жылы кішірейеді.

527799
Ұлыбританияның ЕО-тан шығуы экономикаға болымсыз ықпал етті

Ұлыбританияның Еуроодақтан шығу шешімі болымсыз ықпалын көрсете бастады.

Еуроодақ лауазымдылары Ұлыбританияның ұлттық табысының келесі жылы 1 мен 2,5 пайыз кішірейтінін білдірді.

Ұлыбританияның мүшеліктен шығуымен Еуроодақтағы ұлттық табыс көрсеткішінің де мыңнан 2 мен мыңнан 5 пайыз көлемінде азаятыны болжалады.

Тереса Мэйдің премьер-министрлік жарысында жалғыз үміткер болуы экономикаға болымды ықпал етті.

Ұлыбритания құнды қағаздар индексі 11 айдың ең жоғарғы бағасына ұласты.

Ынтымақтастықты тез арада жаңадан реттеу үшін Брюссельдің Лондон үстіндегі қысымдары да артып отыр.

Еурокомиссияның Экономикаға жауапты мүшесі Пийер Московичи Ұлыбританияның айырылу кезеңі созылған жағдайда Еуроодақ экономикасына зиян келетінін алға тартты.



Ұқсас жаңалықтар