Путин "Түрік ағымы" жобасынан бас тартпағандарын жариялады

Путин орыс газын Түркия арқылы Еуропаға тасымалдау жобасын уақытша тоқтатқандарын мәлімдеді.

506391
Путин "Түрік ағымы" жобасынан бас тартпағандарын жариялады

Ресей президенті Владимир Путин орыс газының Түркия арқылы Еуропаға тасымалдауды мақсат еткен «Түрік ағымы» жобасынан бас тартпағандарын жариялады.

Кремльде Израиль премьер-министрі Беньямин Нетаньяхумен бас қосқан Владимир Путин ортақ баспасөз жиналысында Түркия-Ресей ынтымақтастығына тоқталды.

Путин «Түрік ағымы табиғи газ құбыр желісі жобасынан бас тартқан жоқпыз, бірақ Түркиямен кейбір саяси мәселелеріміз бар. Сондай-ақ Еурокомиссияның аталмыш жоба үшін тұғырын ашық түрде нақтылауы керек. Қазірше олардың тұғыры нақты емес» деді.

Орыс энергетика фирмасы ГазПром Түркияға сатқан табиғи газдың бағасын мұның алдында жасалған келісіммен 10 пайыз жеңілдету уәдесін орындамауына орай түрік ағымы жобасы тоқтап қалған болатын.

Түрік әуе кеңістігін бұзған орыс ұшағының 24 қараша күні құлатылуының артынан екі ел лауазымдылары жобадағы келіссөздердің тоқтағаны жайлы мәлімдемелер жасаған болатын.



Ұқсас жаңалықтар