Вице-премьер Шимшек түрік банк жүйесін бағалады

Вице-премьер банк жүйесінің Еуроодақ елдерімен салыстырғанда одан табысты екеніне назар аударды.

488027
Вице-премьер Шимшек түрік банк жүйесін бағалады

Экономикаға жауапты вице-премьер Мехмет Шимшек түрік банк жүйесінің Еуроодақ елдерімен салыстырғанда одан табысты екеніне назар аударды.

Стамбұлда екі бөлек іс-шараға қатысқан Шимшек бюджеттегі кемшілік мәселесі мен банк жүйесімен байланысты мәлімдемелер жасады.

2016 жылы Азия аймақтық мекеме қарыздары басқару форумының ашылу рәсімінде сөз алған Шимшек көптеген мәселеге қарамастан бюджет кемшілігін азайтумен жақсы жұмыс істегендерін атап айтты.

Шимшек кейін болса Қаржылай мекемелер одағының Жалпы кеңесіне қатысты.

Вице-премьер осында айтқан сөзінде түрік банк жүйесінің маңызды бір дағдарыс кезеңін табысты түрде өткізіп, Еуроодақ елдерімен салыстырғанда одан табысты екенін атап көрсетті.



Ұқсас жаңалықтар