Түркия 2016 жылы өсу болжамдарын жаңартты

Кеден және сауда министрі 2016 жылы экономикалық өсудің 4,5 пайызға ұласатынын мәлімдеді.

484733
Түркия 2016 жылы өсу болжамдарын жаңартты

Кеден және сауда министрі Бүлент Түфенкчи 2016 жылы экономикалық өсудің 4,5 пайыз жүзеге асуы мүмкін екенін білдірді.

Министр Түфенкчи Түркияда экономикалық көрсеткіштердің болымды жалғасқанын атап, экономикалық жағдайдың үміт артқанын атап көрсетті.

Түфенкчи экспортшының жаңа нарықтарға кіруі, өндіріске бағытталған жұмыстар және экономикалық тұрғыдан берілген қолдаулармен Түркияның өсуін одан әрі арттыруды қамтамасыз еткенін атап айтты.

Түфенкчи «Түркия тағы әлемді таң қалдырып, өсу процесін жалғастыруда. Несие бағалау мекемелері, Халықаралық валюта қоры IMF және Әлем банкінің Түркиямен байланысты болжамдарын өзгерткенін байқаймыз. Бұл болымды бір жаңалық» деді.

Террор шабуылдарына да назар аударған Түфенкчи осыған қарамастан біреулердің елдің экономикалық өсуін әлсіретуге тырысқанын айтты.



Ұқсас жаңалықтар