Түрік телесериалдары Каннда

MIPTV2016 ТВ және сандық контент көрмесі Францияның Канн қаласында басталды.

464506
Түрік телесериалдары Каннда

Дүние жүзіндегі ең ірі теледидар индустриясы көрмелерінің бірі ретінде қабылданған MIPTV2016 ТВ және сандық контент көрмесі Францияның Канн қаласында басталды.

Канндағы Конгресс және фестиваль сарайындағы көрмеге теледидар және сериал секторынан 1632 компания 3 мың 915 өкілімен қатысуда.

Көрмеге шамамен 11 мың адамның келуі күтіліп отыр, Түркиядан да 20 теледидар және продюссерлік компаниясы қатысуда.

Көрменің биылғы құрметті қонағы – Германия.

Көрме барысында түрлі ынтымақтастықтар үшін келісім жасалады.

Түркиядағы теледидар секторы да әлемде 75 елде шамамен 400 миллион көрерменімен Еуропаның ең ірі және ең жылдам дамыған нарығы ретінде алға шығып отыр.



Ұқсас жаңалықтар