Әлем түрік іскерлері Стамбулда бас қосады

Әлемнің түкпір-түкпіріндегі түрік іскерлері Стамбулда бас қосуда.

458044
Әлем түрік іскерлері Стамбулда бас қосады

Әлемнің түкпір-түкпіріндегі түрік іскерлері Стамбулда бас қосуда.

Әлем түрік іскерлері құрылтайы Сыртқы экономикалық қарым-қатынастар мекемесінің басшылығында 5 жылдан кейін ертең қайтадан өтеді.

95 елден мөлшермен 2 мың іскер қатысатын құрылтайда түрік іскерлерінің шетелде кездескен мәселелердің шешімі мақсат етілуде.

Президент Режеп Тайып Ердоған беташарын жасайтын құрылтайда премьер-министр Ахмет Давутоғолұ да іскерлерге үндеу тастайды.

Сыртқы экономикалық қарым-қатынастар мекемесі төрағасы Өмер Жихад Вардан әлемнің әр жерінде жұмыс істеген түрік іскерлерінің басын қосқанын білдіріп, түрік диаспорасын бір шаңырақ астына жинауға тырысқанын айтты.

Екі күн жалғасатын құрылтай арқылы шетелдегі түрік фирмалары мен Түркиядағы фирмалар арасында ынтымақтастық және ортақтық құрылуы да мақсат етілуде.



Ұқсас жаңалықтар