Ресей экономикасы әбден нашарлады

Орыс Ведомости газетінде жарияланған хабарда Ресейдің 2030 жылына дейінгі жағдайы бағаландырылды.

432913
Ресей экономикасы әбден нашарлады

Ресей қаржы министрлігі қажетті реформалар жасалмаған және мұнай бағалары қайта көтерілмеген жағдайда, ел экономикасындағы әлсіздіктің кем дегенде 15 жылға жалғасатынын болжады.

Орыс Ведомости газетінде жарияланған хабарға қарағанда, Қаржы министрлігі тарапынан 2030 жылына дейінгі кезеңді қамтитын мерзімде қазіргі шарттарда экономикалық жағдайдың жақсармайтыны атап көрсетілді.

Болжамдарға қарағанда мұнайда баррель басына шаққанда 40 доллардың назарға алынғаны, 2030 жылына дейінгі кезеңде орыс экономикасының орташа 1 бен 1,3 пайыз көлемінде өседі.

Экономиканың биыл 0,8 пайыз кішіреюі, 2017 жылы болса қайта өсу трендіне қол жеткізілетіні, есептерге қарағанда 2020 жылы болса тек 2014 жылғы ұлттық табыс мөлшеріне жете алатыны атап көрсетіледі.

Өткен жылдан бері шамамен 13 пайыз мөлшерінде арзандаған нақты бағалардың болса 2014 жылғы деңгейіне тек қана 2025 жылы қол жеткізіле алатыны болжалды.

Министрлік тарапынан мұның алдында 2013 жылы дайындалған 2030 жылына дейінгі кезеңді қамтыған болжамдармен мұнай бағалары орташа 80 доллар, жылына экономикалық өсу көрсеткіші болса орташа 2,5 пайыз ретінде жүзеге асатыны болжалған болатын.

Басқа жағынан Ресей Орталық банкі бүгінен бастап Мәскеуде Жаһандық қаржы банк пен Ростов-на-Дону қаласындағы Капиталбанктың банк лицензиясын күшін жойғанын жариялады.

Орталық банк жасаған мәлімдемеде Жаһандық қаржы банкінің банк жұмыстарын реттейтін заңдарға бағынбағаны және қарызы барларға қарсы жауапкершілігін орындамағаны себепті күшін жойғандарын білдірді.

Капиталбанктың лицензиясына да тұтынушыларының және банкке несие берушілердің мүдделерінің қауіп астында болуы себепті шешім қабылдады. Аталмыш банктың құндылықтарын төмен сапалы активтерге жұмсап, жоғары рискты несие саясаты жүргізгенін атап көрсетті.

Орталық банктың мағлұматтарына қарағанда, Ресей банк жүйесі тізімінде Жаһандық қаржы банкі 239, Капиталбанк болса 364-ші орын алады.

2015 жылы 17 қараша күні Сбербанк төрағасы Герман Гриф Ресейде соңғы 20 жылдың «ең үлкен банк саласы дағдарысының» басталғанын атап айтқан болатын.

Грифке қарағанда банк саласының «тазалығы» бірнеше жылға жалғасады және бұл қиын өтетін бір кезең болады.


Ұқсас жаңалықтар