Түрік ағымы тағы күн тәртіпте

Еуропа Одағы Түрік ағымына қолдау береді.

419535
Түрік ағымы тағы күн тәртіпте

Президент Режеп Тайып Ердоған мен Ресей Президенті Владимир Путиннің Үлкен 20 тобы саммитіндегі кездесуінен кейін «Түрік ағымы» жобасына Еуропадан толық қолдау келді.
Сабах газетінің хабарына қарағанда Еуропа Одағы Түркияны Еуропаның энергия базасы болатын үш маңызды газ жобасына қолдау беретінін жариялады.
Еуропа Одағының ресми сайтында жарияланған мәліметтер бойынша Орталық Еуропа және Шығыс Еуропамен байланысты үш жаңа энергия жобасы бекітілді. Осы жобалардың басында «Түрік ағымы»-ның тікелей Грекиядан Австрияға жалғанатын Тесла құбыр желісі келуде.
Еуропа Одағы Каспий табиғи газын Еуропаға жеткізетін Транс-Анадолы табиғи газ құбыр желісі TANAP және Әзірбайжан-Түрікменстан табиғи газын Түркияға тасымалдайтын Транс-Каспий құбыр желісі TCP жобаларына да үлес қосады.
Еуропа Одағының бекітуінен кейін Түрік ағымының жүзеге асырылуы үшін барлық назар Анкара мен Мәскеу арасындағы келісімге аударылды.


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар