Қалаға электр өндіретін стадион

Түркияда түрлі ерекшеліктегі экологиялық стадиондар көбейіп келеді.

367096
Қалаға электр өндіретін стадион

Жастар және спорт министрлігі спорт саласындағы жаңа істерін жалғастыруда.


Министрлік өз энергиясын өндіретін экологиялық базалар арқылы үнемдеу алаңдарын қалыптастыратын болады. «Ақылды» базалардың біріншісі Анталия стадионы өзі жұмсайтын электр қуатының екі есесін өндіріп отыр.


Министр Чағатай Кылыч «120 миллион лираға салынған Анталия стадионының үстіндегі трибуналар арқылы электр қуаты өндіріледі. Базада жұмсалатын қуаттың екі есесін өндіре алады. 33 мың жанкүйер сыятын стадионнан қалаға да электр қуатын беруге болады» деді.


Министр Сивас қаласында да Түркияның тұңғыш экологиялық стадионы ретінде салынған базаның да өзіндік ерекшеліктері болғанын айтты. Стадионда жаңбыр және қар суы жиналып, сулау істерінде қолданылады.


Министр Чағатай Кылычтың айтуынша Хатай және Самсун қалаларында да осындай жобалар басталып кетті.


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар