Ел көлемінде тұрғын үй саудасы артты

Сатылған тұрғын үй саны өткен жылдың бірдей айымен салыстырғанда сәуір айында 42.7 пайыз артты.

288160
Ел көлемінде тұрғын үй саудасы артты

Ел көлемінде сатылған тұрғын үй саны өткен жылдың бірдей айымен салыстырғанда сәуір айында 42.7 пайыз артып, 119 мың 317-ге жетті.
Осыған қарағанда ел көлемінде өткен айдың ішінде 119 мың 317 тұрғын үй сатылды. Сатылған 23 мың 197 тұрғын үймен (19.4 пайыз) Стамбұл бірінші, Анкара 14 мың 1 тұрғын үймен (11.7 пайыз) екінші және 7 мың 669 тұрғын үймен (6.4 пайыз) Измир үшінші орынды иеленді.
Шетелдіктерге сатылған тұрғын үй саудасында болса бірінші орынды 584 тұрғын үймен Стамбұл алды. Анталия 507 сатылған үймен екінші, Бурса мен Ялова 133 үймен үшінші орын алды. Тізімде кезегімен Айдын 90 тұрғын үй, 76 үймен Мерсин және 63 үймен Сакария қалалары орын алды.


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар