Түркияның мебель экспорты 2.4 миллиард доллар артты

Түрік мебель саласы «2023 жоспары» аясында 10 миллиард долларлық экспортты нысанаға алып отыр.

264145
Түркияның мебель экспорты 2.4 миллиард доллар артты

Соңғы 10 жылдық кезеңде экспортта өскен түрік мебель саласы өткен жылы 2.4 миллиард долларлық экспортқа қол таңба қалдырды.
Түркия Статистикалық мекемесі мәліметтеріне қарағанда Түркияның 2013 жылы 2 миллиард 237 миллион доллар болған мебель экспорты 2014 жылы 8.2 пайыздық артып, 2миллиард 421 миллион 267 мың долларға жетті.
Өнім топтары тұрғысынан ең көп экспорт отырғыш, диван және орындық сияқты мебель түрлерінде жүзеге асты.
Сала экспортына ең көп үлес қосқан қалалар түрік экономикасына басшылық жасаған Стамбұл және мебель өнеркәсібінің жүрегі соққан Бурса қалалары болды. Осы екі қала жалпы мебель экспортының шамамен 50 пайызын құрайды.
Соңғы 10 жылдық кезеңде экспортты өскен түрік мебель саласы «2023 жоспары» аясында 10 миллиард долларлық экспортты нысанаға алып отыр.


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар