Түркия көлемінде үй саудасы артты

Түркия Статистика мекемесі 2015 жылғы ақпан айы тұрғын үй сату статистикасын жариялады.

279944
Түркия көлемінде үй саудасы артты

Түркия көлемінде үй саудасы артты.


Түркия Статистика мекемесі 2015 жылғы ақпан айы тұрғын үй сату статистикасын жариялады.


Бір жыл бұрынғыға қарағанда үй сату 15 пайыз артты.


Түркия көлемінде 40 мың 662 үй бірінші рет сатылды.


54 мың 359 тұрғын үй болса екінші рет сатылды.


Барлығы 95 мың 21 үй сатылды.


Тұрғын үй саудасында Стамбул қаласы 17 мың 690 үймен бірінші орында. Стамбулдан кейін 11 мың 63 үймен Анкара, 5 мың 850 үймен Измир келеді.


2015 жылдың ақпан айында 1369 үй шетелдіктерге сатылды.


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар