Ирак пен Иран қатынас саласында серіктестік жасауда

Ирак пен Иран арасында алғы шарт келісіміне қол қойылды.

168872
Ирак пен Иран қатынас саласында серіктестік жасауда

Ирак пен Иран арасында қатынас саласындағы ынтымақтастықтың дамытылуымен байланысты алғы шарт келісіміне қол қойылды.
Ирак Қатынас министрлігінен жасалған мәлімдемеде екі темір жол желісін салуды қамтыған қатынас саласындағы серіктестіктің дамытылуымен байланысты алғы шарт келісімінің Ирак Қатынас министрі Әз-Зубейди мен Иран Елді мекен және қатынас министрі Аббас Ахуди тарапынан қол қойылғаны білдірілді.
Мәлімдемеде Иранның оңтүстік-батысындағы Шеламежеден Ирактың оңтүстік-шығысындағы Басраға 37 шақырым қашықтықта бір темір жол салынатыны баяндаған. Мәлімдемеде сонымен қатар Иранның батысындағы Керманшахтан Бағдаттың солтүстігіндегі Диялаға қарасты Ханекин ауданында да екінші темір жол желісінің салынатыны атап өтілді.


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар