Бюджет келіссөздерінде өркендеу процесі бағаландырылды

Өркендеу министрі Джевдет Йылмаз ТҰҰМ-де баяндама жасады.

148729
Бюджет келіссөздерінде өркендеу процесі бағаландырылды

Өркендеу министрі Йылмаз «Түркия өсу процесі мен табысты бөлісудегі жақсаруды параллелді түрде жүзеге асырған сирек мемлекеттердің бірі» деді.
Министр Йылмаз Түркия Ұлы Ұлттық Мәжілісі бюджет келіссөздері отырысында жасаған баяндамасында сапалы өсуді нысанаға алғандарын атап, жекеменшік сала, инвестиция және сыртқы сұраныстың жетілуі, тұрақты түрде өсу табыстарын бөлу, өркендеу кезеңін жалғастыру сияқты тақырыптардың саяси ұстанымның негізін құрғанын жеткізді.
Түркияның соңғы кезеңдегі өсу жылдамдығының даму жолындағы мемлекеттердің өсу жылдамдығына сәйкес жалғасқанын атап айтқан Йылмаз «Түркия өсу жылдамдығы кезеңдік өзгеріп отырса да, 20 ширектен бері өсуін жалғастырады» деді.
Йылмаз дағдарыс кезеңінде көптеген ел жұмыссыздықпен күресіп отырғанда, Түркияда жұмыспен қамтамасыз ету процесінің жалғасқанына назар аударды.
Өркендеу министрі технологияның саудаласу және логистикасы, денсаулық туризмі, энергия өнімі, суды үнемді қолдану сияқты 25 тақырыпта іс-жоспары жарияланғанын білдірді.
Министр Йылмаз «Осы жаңа реформа бағдарламасы Түркияның келешектегі өркендеуін тұрақтылықпен жалғастырады» деді.


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар