Түрік-Америка қарым-қатынасында жаңа кезең

АҚШ Сауда палатасы әлемдегі аймақтық екінші кеңсесін Стамбулда ашты.

195491
Түрік-Америка қарым-қатынасында жаңа кезең

Түрік-Америка қарым-қатынасында жаңа кезең басталды.


Америка Құрама Штаттары Сауда палатасы әлемдегі аймақтық екінші кеңсесін Стамбулда ашты.


Өркендеу министрі Джевдет Йылмаз кеңсенің тек Түркияның емес аймақтың дәулеттілігі мен тұрақтылығына үлес қосатынын айтты.


Америка Құрама Штаттары - 16 триллион долларлық ұлттық табысымен дүние жүзінің ең ірі экономикасы. Түркия Американың импортында 41, экспорт жасаған елдер тізімінде болса 26-шы кезекте.


20 миллиард АҚШ доллары деңгейіндегі Түрік-Америкасауда қатынастарының жетілдірілуі бағытында бұл маңызды қадам болмақ.


Түркия - АҚШ үшін Орталық Азия, Таяу Шығыс және Африкаға ашылған қақпа. Сондықтан аталмыш сауда кеңсесі өте маңызды.


Кеңсе әрі екі жақты, әрі аймақтық байланыстарды күшейте түседі, әлемде бейбітшілік пен молшылыққа үлес қосады.


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар